Ақтөбе өңірінде «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды: Ақтөбе облысы, 29 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақтөбе өңірінде «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Өңір басшысы Асхат Шахаров «Мерейлі отбасы-2024» байқауының облыстық кезеңінде жеңіске жеткен үлгілі отбасыларды марапаттап, барша ақтөбелік тұрғындарды алдағы Конституция және Отбасы күні мерекелерімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ата Заңымыздың маңызы туралы: «Жалпыға бірдей жол ашатын Әділетті Қазақстанды құру үшін, Конституция қағидалары қатаң сақталып қана қоймай, қоғамның сана-сезіміне біржола орнығуға тиіс» - деп айтқан болатын. Конституция – халқымыздың бостандығының кепілі, болашағымыздың айқын бағдары. Халқымыздың «Заңын құрметтей білген, заңына бағына білген ел ғана озады» - деген дана сөзі бар. Қазақстанның бүгінгі бағындырған биіктерінің ең басты тұғыры – бірлік пен береке.

Өнегелі құндылықтарды, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын өткізіліп отырған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Бүгінгі марапат – көп жылғы отбасылық өмірдің еңбегі мен төзімі, сабырлығы пен мейірімділігі, ізгі махаббаты мен адалдығының жемісі», - деп атап өтті өңір басшысы.

Конкурс қорытындысына сәйкес, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы облыстық кезеңінің бас жүлдесі Нұрбаевтар отбасына (Ақтөбе қаласы) бұйырды. Биыл «алтын тойды» тойлаған Қыдырбай Нұрбаев мен Лиза Жиенбаева – бір ұл, үш қыздан 12 жиен немере сүйіп отырған жандар.

Ырғыздық Өтемісовтер отбасына І орын, ақтөбелік Мұстафиндер және шалқарлық Төлебаевтар әулетіне ІІ орын, Байғаниннен Елеуовтер және Қобдадан Толочко отбасына ІІІ орын берілді. Сонымен қоса, 18 отбасы ынталандыру сыйлығына ие болды.

Байқауға 11 жылдың ішінде облыс бойынша 1879 отбасы қатысты.  Биылғы конкурсқа 98 өтінім түскен. Оның ішінде 62 отбасы өзін-өзі ұсынған, 36 отбасы туралы құжаттар жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар арқылы қабылданған.

Салтанатты іс-шара жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар