Ақтөбеде бірегей «Aqtobe Camp-2024» облыстық лагерь өз бастауын алды
22-26 шілде аралығында өтетін облыстық лагердің басты мақсаты - жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, дұрыс ортаны қалыптастыру, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу.
Лагердің ашылу салтанатында Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетов, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының Жасөспірімдер ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының бастығы, полиция майоры - Ботакөз Жалекешова сөз сөйледі. Арнайы жасақ сарбаздарының әскери-спорттық демонстрациялық қойылым көрсетіп, жастарға шағын сыйлықтар табыс етілді.
5 күндік лагердің алғашқы күнінде шараны өткізу барысы таныстырылып, ішкі тәртіп ережесі түсіндірілді, психологиялық семинар ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -