Ақтөбедегі әскери институттан офицер-авиаторлардың кезекті легі қанат қақты
Кеңес Одағының екі мәрте
Б
атыры Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының 27-ші легі - жас лейтенанттарына диплом табыстау рәсімі облыс әкімдігінің алдындағы алаңда өтті.
Оқу орнын сәтті тәмамдаған жас офицерлерді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, сондай-ақ құрметті қонақтар мен түлектердің ата-аналары құттықтады.
«
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде
«
Біз әскеріміздің әлеуетін оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нақты міндеттерді жүзеге асыру барысында да көріп жүрміз» деп атап өтті. Елдің қорғаныс қабілетін нығайту және әскери кадрларды даярлау әрқашан мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Өйткені, бұл - елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі. Сіздер Қазақстанның қорғаныс күштерінде қызмет ету үшін сапалы дайындықтан өттіңіздер және офицерлік корпус қатарына қабылдау үшін қажетті білім алдыңыздар. Сіздер еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы өз міндеттеріңізді адал атқарасыздар деп сенеміз», - деді облыс әкімі ЖОО түлектеріне арнаған құттықтау сөзінде.
Осы жылы әскери институттан 89 жас лейтенант қанат қақты. Оның ішінде 31-і
–
ұшқыш және 58-і
–
инженерлік мамандықты меңгерген.
Б
үгін
олар офицерлік шендер
ін
салтанатты түрде
лауазымды тұлғалардың қолынан алды.
Ш
ара түлектердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі және дәстүрлі офицерлер вальсімен аяқталды. Осы
м
аңызды күнде
түлектердің бірі
,
лейтенант
Алдияр Тұрақбай
өзінің сүйіктісі
Ақботаға
шаңырақ көтеру туралы ұсыныс жаса
п, оның өмірлік жар болуға келісімін алды.
Ж
оғары білімді маман
дар
еліміздің қорғаныс саласындағы маңызды міндеттерді атқаруға дайын. Болашақта олар Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның әскери әлеуетін нығайтуда шешуші рөл атқарады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -