Ақтауда 1-ші «Солтүстік-Оңтүстік» көліктік сауда-экспорттық форумы басталды: Маңғыстау облысы, 22 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақтауда 1-ші «Солтүстік-Оңтүстік» көліктік сауда-экспорттық форумы басталды

Форумға әлемнің 12 елінен келген 440-қа жуық қатысушы екі күн бойы мультимодальды тасымалдаудың үрдістері мен жаңа көлік бағыттарын ашу мүмкіндігін талқылайды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Форумның ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев, Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Ресей, Беларусь, Түркіменстан, БАӘ, Иран, Ирак, Оман, Өзбекстан, Экономикалық ұйым ынтымақтастығы (ЭЫҰ) мен Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.

Форумда сөз алған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстаудың көліктік-логистикалық әлеуетімен таныстырды.

-Қазақстан Үкіметінің мұндай ауқымды форумды Маңғыстауда ұйымдастыруы кездейсоқ  емес. Тарихқа үңілсек, 2000 жылдай бұрын оңтүстіктен солтүстікке және одан әрі Маңғыстаудың бүкіл аумағы арқылы, солтүстік-батысқа қарай Каспий жағалауына дейін Ұлы Жібек жолы өткен. Біздің облысымыз көлік жолдарының тоғысында орналасқан. Қазақстан аумағы арқылы өтетін төрт негізгі халықаралық көлік дәлізінің үшеуі – Транскаспий халықаралық көлік жолы, ТРАСЕКА және Солтүстік-Оңтүстік - Маңғыстау арқылы өтеді. Мемлекет басшысы өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетін кеңейтуді тапсырды және бастамаларды орындауға жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Өңірдің даму жоспарымен танысқан соң сіз де Маңғыстау облысында болашақ инвестициялық жобаларды орындауда белсенділік танытып, серіктес болатыныңызға сенімдімін. Облыс әкімі ретінде өз тарапымыздан инвесторлар үшін барлық қолайлы жағдайды жасауға кепілдік беремін», – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.



Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Мангистауской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Форумға әлемнің 12 елінен келген 440-қа жуық қатысушы екі күн бойы мультимодальды тасымалдаудың үрдістері мен жаңа көлік бағыттарын ашу мүмкіндігін талқылайды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.</p> <p>Форумның ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев, Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Ресей, Беларусь, Түркіменстан, БАӘ, Иран, Ирак, Оман, Өзбекстан, Экономикалық ұйым ынтымақтастығы (ЭЫҰ) мен Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.</p> <p>Форумда сөз алған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстаудың көліктік-логистикалық әлеуетімен таныстырды.</p> <p>-Қазақстан Үкіметінің мұндай ауқымды форумды Маңғыстауда ұйымдастыруы кездейсоқ  емес. Тарихқа үңілсек, 2000 жылдай бұрын оңтүстіктен солтүстікке және одан әрі Маңғыстаудың бүкіл аумағы арқылы, солтүстік-батысқа қарай Каспий жағалауына дейін Ұлы Жібек жолы өткен. Біздің облысымыз көлік жолдарының тоғысында орналасқан. Қазақстан аумағы арқылы өтетін төрт негізгі халықаралық көлік дәлізінің үшеуі – Транскаспий халықаралық көлік жолы, ТРАСЕКА және Солтүстік-Оңтүстік - Маңғыстау арқылы өтеді. Мемлекет басшысы өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетін кеңейтуді тапсырды және бастамаларды орындауға жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Өңірдің даму жоспарымен танысқан соң сіз де Маңғыстау облысында болашақ инвестициялық жобаларды орындауда белсенділік танытып, серіктес болатыныңызға сенімдімін. Облыс әкімі ретінде өз тарапымыздан инвесторлар үшін барлық қолайлы жағдайды жасауға кепілдік беремін», – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.</p>

Аймақтағы жаңалықтар