Ақтауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
Бүгін, 21 қараша күні Ақтауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығудың саптық көрсетіліміне облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары мен күштерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлігімен танысты.
21-22 қараша аралығында өтетін оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамынан 1002 адам, 337 бірлік техника мен арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, 2925 тонна тұз бен 4604 текшеметр құм қоры дайындалды.
Оқу-жаттығу аясында қысқы кезеңде орын алуы ықтимал төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету үшін жанар-жағармай, азық-түлік, дәрі-дәрмек, электр және дизель генераторлары, жылу зеңбіректері, құм-қиыршық, тұз қоспалары дайындыққа келтірілді.
Облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау мақсатында 152 бірлік техника мен 398 адам жұмылдырылды.
Саптық көрсетілім барысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай азаматтық қорғау қызметтері мен техникалардың кез келген төтенше жағдайға дайын болуының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты органдардың бірлескен жұмысы қажеттігін айтты.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -