Абай облысы бойынша 2024 жылғы мамырда тұтыну бағасының индексі
Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы мамырда өткен айға қатысты алғанда 100,4 % құрады.
2024 жылғы мамырда облыс бойынша тұтыну бағасының индексі
пайызбен
2024 жылғы мамыр
2024 жылғы қаңтар- мамыр
2023 жылдың қаңтар-мамырға
2024 жылдың
сәуірге
2023 жылдың
желтоқсанына
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер
100,4
103,4
108,9
Азық-түлік тауарлары
100,3
103,1
107,2
Азық-түлік емес тауарлар
100,4
101,7
106,8
Ақылы қызметтер
100,5
105,4
114,2
Азық-түлік тауарларының арасында 2024 жылғы мамырда 2024 жылдың сәуірмен салыстырғанда
жоғары сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны–5,5%, кондитерлік өнімдері–3%, балық және теңіз өнімдері–2,6%, жемістер және көкөністер–2,1%(картоп–28,7%, сәбіз–22,5%, басты пияз–21%, қызылша–11,3%,алмұрт–1,8%, алма–1,5%), темекі өнімдері–1,2%, сүт өнімдері (қатты ірімшік–1,2%, қаймақ–0,4%), шай–0,8%, алкогольдік ішімдіктер–0,7%, ет (ет өнімдерін қоса)–0,6% (сиыр еті–1,5%, шұжықтар–0,4%, қой еті–0,2%), макарон өнімдері–0,3% қымбаттағаны тіркелді.
1санаттағы жұмыртқа–17,3%, күнбағыс майы–3,9%, жарма–2,4%(қарақұмық жармасы–4,5%, сұлы–0,1%), ақ қауанды қырыққабат–0,6% арзандай түсті.
Азық-түлік емес тауарлардан киім және аяқ киім, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдар–0,9%, жеке қолданатын тауарлар –0,6%, фармацевтикалық өнімдері–0,4% қымбаттады.
Жуғыш және тазалағыш заттар–1,3% арзандады.
Ақылы қызмет бойынша қоғамдық тамақтандыру қызметтері–1,7%,тұрғын үйді жалға алу–1,3%, амбулаториялық қызметі–1,1% өсті.
Сұйытылған газ (баллондағы)–2,4% арзандады.
_________________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы
Орындаушы:
Ж. И. Корпешова
Тел. +7 7222 36-27-25
Баға статистикасы бөлім басшысы:
Г.Т. Шакшанова
Тел. +7 7222 36-27-25
Адрес:
180000, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -