Абай облысы бойынша 2024 жылғы маусымда тұтыну бағасының индексі
Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы маусымда өткен айға қатысты алғанда 100,2 % құрады.
2024 жылғы маусымда облыс бойынша тұтыну бағасының индексі
пайызбен
2024 жылғы маусым
2024 жылғы қаңтар- маусым
2023 жылдың қаңтар-маусымға
2024 жылдың
мамырға
2023 жылдың
желтоқсанына
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер
100,2
103,6
108,7
Азық-түлік тауарлары
100,0
103,1
106,9
Азық-түлік емес тауарлар
100,4
102,2
106,6
Ақылы қызметтер
100,3
105,6
114,3
Азық-түлік тауарларының арасында 2024 жылғы маусымда 2024 жылдың мамырмен салыстырғанда
картоп–15,5%, сәбіз–10,6%, алмұрт–3,2%, жоғары сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны–0,9%, кондитерлік өнімдері–0,6%, макарон өнімдері, айран (2,5%)–0,5%, алкогольдік ішімдіктер–0,4%, шұжықтар–0,2%, балық және теңіз өнімдері, темекі өнімдері, алма –0,1% қымбаттағаны тіркелді.
Ақ қауанды қырыққабат–13,7%, басты пияз–10,4%, жарма–2,3% (арпа жармасы–3,2%,қарақұмық жармасы–2,5%, сұлы–2,3%, сөк–2,1%, ұнтақ жарма–1,6%), 1 санаттағы жұмыртқа–0,9%, қызылша, пастерленген сүт–0,2%, қант, қатты ірімшік –0,1% арзандай түсті.
Азық-түлік емес тауарлардан киім және аяқ киім–0,9%, жеке қолданатын тауарлар –0,3%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдары, жуғыш және тазалағыш заттар –0,2%, фармацевтикалық өнімдері–0,1% қымбаттады.
Ақылы қызмет бойынша тұрғын үйді жалға алу–0,9%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері–0,5%, амбулаториялық қызметі–0,1% өсті.
________________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы
Орындаушы:
Ж. И. Корпешова
Тел. +7 7222 36-27-25
Баға статистикасы бөлім басшысы:
Г.Т. Шакшанова
Тел. +7 7222 36-27-25
Адрес:
180000, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -