Абай облысы бойынша 2024 жылғы сәуірде тұтыну бағасының индексі
Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы сәуірге өткен айға қатысты алғанда 100,3 % құрады.
2024 жылғы сәуірге облыс бойынша тұтыну бағасының индексі
пайызбен
2024 жылғы сәуірде
2024 жылғы қаңтар- сәуірде
2023 жылдың қаңтар-сәуіріне
2024 жылдың
наурызына
2023 жылдың
желтоқсанына
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер
100,3
103,0
109,1
Азық-түлік тауарлары
100,2
102,8
107,6
Азық-түлік емес тауарлар
100,5
101,3
107,1
Ақылы қызметтер
100,5
104,8
113,9
Азық-түлік тауарларының арасында 2024 жылғы сәуірде 2024 жылдың наурызымен салыстырғанда
қант–6,4%, сәбіз–2,6%, темекі өнімдері–2,0%, қызылша–1,6%, балық және теңіз өнімдері–1,3%, алма–1%, сүт өнімдері–0,8%(қаймақ–1,3%), ет (ет өнімдерін қоса) (сиыр еті–1,1%, құс–0,5%), алкогольдік ішімдіктер, ақ қауанды қырыққабат–0,4%, макарон өнімдері–0,3%, сөк, кондитерлік өнімдері, картоп–0,1% қымбаттағаны тіркелді.
1санаттағы жұмыртқа–4,8%,күнбағыс майы–1,4%, жарма–0,9%(қарақұмық жармасы–1,8%, арпа–0,3%, сұлы–0,1%), жоғары сұрыпты бидай ұны, шұжық–0,1% арзандай түсті.
Азық-түлік емес тауарлардан киім және аяқ киім–1,1%, фармацевтикалық өнімдері–0,8%, жеке бас гигиенасы тауарлары–0,2%, қымбаттады.
Жуғыш және тазалағыш заттар–1,1% арзандады.
Ақылы қызмет бойынша тұрғын үйді күтіп ұстау қызметі–3,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі–2,1%, амбулаториялық қызметі–1%, тұрғын үйді жалға алу–0,8% өсті.
Сұйытылған газ (баллондағы)–2,4% арзандады.
____________________________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы
Орындаушы:
Ж. И. Корпешова
Тел. +7 7222 36-27-25
Баға статистикасы бөлім басшысы:
Г.Т. Шакшанова
Тел. +7 7222 36-27-25
Адрес:
071400, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -