Абай облысы бойынша 2024 жылғы тамызда тұтыну бағасының индексі
Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы тамызда өткен айға қатысты алғанда 100,7 % құрады.
2024 жылғы тамызда облыс бойынша тұтыну бағасының индексі
пайызбен
2024 жылғы тамыз
2024 жылғы қаңтар- тамыз
2023 жылдың қаңтар-тамызға
2024 жылдың
шілдеге
2023 жылдың
желтоқсанына
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер
100,7
104,9
108,6
Азық-түлік тауарлары
100,6
104,0
106,5
Азық-түлік емес тауарлар
100,4
103,0
106,3
Ақылы қызметтер
101,0
108,1
114,5
Азық-түлік тауарларының арасында 2024 жылғы тамызда 2024 жылдың шілдемен салыстырғанда күнбағыс майы–7,6%, кондитерлік өнімдері–3,1%, картоп–2,9%, шошқа еті–2,8%, басты пияз–2,3%, күріш–2%, арпа жармасы–1,7%,
алмұрт, сөк–1,3%, шай –на 1,1%, алкогольдік ішімдіктер–1%, ақ қауанды қырыққабат, макарон өнімдері–0,9%, шұжықтар–0,8%,сүт өнімдері–0,6%(қатты ірімшік–1,5%, пәстерленген сүт –0,2%), сұлы жармасы–0,5%, жүгері жармасы–0,3%, балық және теңіз өнімдері–0,2% қымбаттағаны тіркелді.
Сәбіз,–3,2%, қарақұмық жармасы–1,3%, тұздалмаған сары май–0,5%,1 санаттағы жұмыртқа–0,3%,қант, қызылша –0,1% арзандай түсті.
Азық-түлік емес тауарлардан фармацевтикалық өнімдері–1,3%, киім және аяқ киім–0,5%, жуғыш және тазалағыш заттар–0,4%, бензин–0,2%, жеке қолданатын тауарлар –0,1% қымбаттады.
Дизельдік отыны 0,3% арзандады.
Ақылы қызмет бойынша су бұру–11,8%, суық су–9,4%, тұрғын үйді жалға алу–4,4%, байланыс қызметтері–1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері–0,3% өсті.
________________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы
Орындаушы:
A. E. Ернарова
Тел. +7 7222 36-27-25
Баға статистикасы бөлім басшысы:
Г.Т. Шакшанова
Тел. +7 7222 36-27-25
Адрес:
180000, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -