Абай облысы бойынша 2024 жылғы қыркүйегінде тұтыну бағасының индексі
www.stat.gov.kz
Баспасөз хабарламасы
№ 951
2024 жылғы 10 қазан
Абай облысы бойынша 2024 жылғы қыркүйегінде тұтыну бағасының индексі
Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы қыркүйегінде өткен айға қатысты алғанда 100,9 % құрады.
2024 жылғы қыркүйегінде облыс бойынша тұтыну бағасының индексі
пайызбен
2024 жылғы қыркүйек
2024 жылғы қаңтар- қыркүйек
2023 жылдың қаңтар- қыркүйегіне
2024 жылдың
тамызына
2023 жылдың
желтоқсанына
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер
100,9
105,9
108,6
Азық-түлік тауарлары
100,1
104,1
106,4
Азық-түлік емес тауарлар
102,1
105,2
106,4
Ақылы қызметтер
100,9
109,1
114,6
Азық-түлік тауарларының арасында 2024 жылғы қыркүйекте 2024 жылдың тамызбен салыстырғанда 1 санаттағы жұмыртқа - 6,5%, кондитерлік өнімдері –1,3%, май және тоң май - 1,2% (күнбағыс майы – 3,7%, тұздалмаған сары май - 0,2%), шұжықтар - 0,7%, шай - 0,6%, алкогольдік ішімдіктер – 0,4%, пәстерленген сүт, балық және теңіз өнімдері – 0,2%, айран (майлылығы 2,5%), сүзбе (майлылығы 5-9%), ақ қауанды қырыққабат - 0,1% қымбаттағаны тіркелді.
Жемістер мен көкөністер 1,9% (сәбіз – 18,1%, картоп - 5,8%, қызылша –3,1%, алмұрт - 2,5%, алма -0,4%, басты пияз - 0,3%), жармалар 0,4%( қарақұмық жармасы – 0,8%, ұнтақ жарма - 0,2%, арпа жармасы -0,1%), қант - 0,4%, қатты ірімшік - 0,2%, макарон өнімдері - 0,1% арзандай түсті.
Азық-түлік емес тауарлардан қатты отын 6,1%, киім және аяқ киім – 3,6%, фармацевтикалық өнімдері –1%, жуғыш және тазалағыш заттар – 0,2%, жеке қолданатын тауарлар –0,1% қымбаттады.
Ақылы қызмет бойынша білім беру - 5,1%, тұрғын үйді жалға алу төлемі – 2,9%, байланыс қызметтері, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі - 1%, амбулаториялық қызметтер - 0,4% өсті.
________________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы
Орындаушы:
A. E. Ернарова
Тел. +7 7222 36-27-25
Баға статистикасы бөлім басшысы:
Г.Т. Шакшанова
Тел. +7 7222 36-27-25
Адрес:
180000, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -