Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі Қазан қаласында концерттік бағдарлама ұсынды
С.Саид-Ғалиев атындағы мәдениет сарайында Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің концертті өтті. Оркестр дирижері – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Кенжегүл Ақшекина.
Шара Қазақстан мен Татарстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, қазақ халқының мәдениетін, өнері мен дәстүрін насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ және татар музыкасының туындылары орындалды. Концерттік бағдарлама аясында қазақ, орыс және татар тілдеріндегі әндер шырқалды. Бұл халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға септігін тигізбек.
Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали мен Мапруза Утуленова, дәстүрлі әнші Гүлдана Ноғайбаева, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, әнші Төлеген Рахымбаев, эстрадалық-симфониялық оркестрдің бэквокал әртістері өнер көрсетті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -