Абай облысында сібір бекіресінің гендік қорын сақтау жұмыстары жүзеге асуда: Абай облысы, 31 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Абай облысында сібір бекіресінің гендік қорын сақтау жұмыстары жүзеге асуда

2024 жылғы 25-26 шілде аралығында Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлері «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, Ертіс өзеніндегі бекіре және басқа да балық түрлерінің жай-күйін анықтау үшін ихтиологиялық жұмыстар жүргізді. Бақылау кезінде 4 сүйрік (Acipenser ruthenus), 3 сібір бекіресі (Acipenser baerii) ауланды.

Сүйрік балығы «Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тиімді инновациялық технологиялар мен аквамәдениеттің жаңа объектілерін әзірлеу және енгізу» бағдарламасы шеңберінде одан әрі зерттеу үшін алынды. Жоба генетикалық құрылымды ескере отырып, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балық түрлерін қалыптастырудың биотехникалық тәсілдерін әзірлеуді және енгізуді көздейді.

Морфологиялық-визуалды зерттеулер жүргізілгеннен кейін сібір бекірелері табиғи мекеніне қайта жіберілді. Зерттеу нәтижелері өткен жылғы балықтандыру маусымының оң әсерін көрсетті.

2024 жылы Абай облысының әкімдігі бюджет қаражаты есебінен Ертіс өзеніндегі балықтарды молайту жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл Сібір бекіресінің популяциясын қалпына келтіруге және аймақтың су биоресурстарының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Еске салайық, Ертіс өзенінің су қоймаларында саны іс жүзінде жойылып кеткен сібір бекіре балығының гендік қорын сақтау мақсатында өткен жылы демеушілік қаражат есебінен сібір бекіресінің шабақтарын жіберу жұмыстары жүргізілген болатын.

Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

2024 жылғы 25-26 шілде аралығында Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлері «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, Ертіс өзеніндегі бекіре және басқа да балық түрлерінің жай-күйін анықтау үшін ихтиологиялық жұмыстар жүргізді. Бақылау кезінде 4 сүйрік (Acipenser ruthenus), 3 сібір бекіресі (Acipenser baerii) ауланды.

Сүйрік балығы «Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тиімді инновациялық технологиялар мен аквамәдениеттің жаңа объектілерін әзірлеу және енгізу» бағдарламасы шеңберінде одан әрі зерттеу үшін алынды. Жоба генетикалық құрылымды ескере отырып, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балық түрлерін қалыптастырудың биотехникалық тәсілдерін әзірлеуді және енгізуді көздейді.

Морфологиялық-визуалды зерттеулер жүргізілгеннен кейін сібір бекірелері табиғи мекеніне қайта жіберілді. Зерттеу нәтижелері өткен жылғы балықтандыру маусымының оң әсерін көрсетті.

2024 жылы Абай облысының әкімдігі бюджет қаражаты есебінен Ертіс өзеніндегі балықтарды молайту жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл Сібір бекіресінің популяциясын қалпына келтіруге және аймақтың су биоресурстарының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Еске салайық, Ертіс өзенінің су қоймаларында саны іс жүзінде жойылып кеткен сібір бекіре балығының гендік қорын сақтау мақсатында өткен жылы демеушілік қаражат есебінен сібір бекіресінің шабақтарын жіберу жұмыстары жүргізілген болатын.

Аймақтағы жаңалықтар