Абай облысында суда екі адам құтқарылды
Бүгін кешке шамасында құтқару қызметіне Семей қаласының Мирный ауданында екі ер адам гидроциклмен серуендеу кезінде Ертіс өзенінің ортасында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, себебі оның қозғалтқышы істен шыққан. Құтқарушылардың көмегі қажет.
Оқиға орнына келген Абай облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару арқанының көмегімен гидроциклді жағаға сүйреп апарды, сонымен қатар 1985 және 1999 жылы туған ер адамдарды құтқарды.
Құтқарылғандар медициналық көмекте мұқтаж емес.
Авариялық-құтқару операциясына жеке құрамның 6 адамы және 2 жүзу құралы жұмылдырылды.
Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -