Абай облысында тұрғындар үшін жаңа цифрлық қосымшалар іске қосылмақ: Абай облысы, 09 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Абай облысында тұрғындар үшін жаңа цифрлық қосымшалар іске қосылмақ

Қалалық инфрақұрылымды цифрландыру және жетілдіру бағдарламасы аясында 13 тамызда облыс орталығында «Ақылды қала» Жол картасы бекітілді. Оған 27 жоба кіреді, оның 17-сі негізгі, 10-ы қосымша. Бұл бастамалар қала ресурстарын тиімді басқарудың жоғары технологиялық шешімдерін енгізуге, сондай-ақ тұрғындар үшін қауіпсіз және жайлы орта жасауға бағытталған. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы айтты.

Негізгі жобаларға білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіреді: полицияның жедел басқару орталықтарына деректерді жеткізетін бейнебақылау, сондай-ақ дабыл түймелерін орнату. Басқа бастамалардың қатарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын автоматтандыру, Бірыңғай есеп айырысу орталығы мен Бірыңғай байланыс орталығы (109) құру, аймақтық геоақпараттық жүйені іске қосу және коммуналдық ресурстарды қашықтықтан есепке алу кіреді. Азаматтардың күнделікті қажеттіліктеріне арналған қызметтерді дамытуға ерекше назар аударылмақ: таксиге тапсырыс беру мүмкіндігі, автобус бағыттарын дәл уақытында бақылау, емханаларда онлайн тіркелу қызметі және өтініштерді жіберу үшін 109 байланыс орталығымен интеграция.

Сондай-ақ мәдени орындар туралы ақпарат беретін, жергілікті футбол клубтарының матчтарына билеттерді сатып алуға, ауа райын, валюта бағамдарын және қала жаңалықтарын білуге мүмкіндік беретін интеллектуалды гид жасау жұмыстары жүргізілуде. Іске қосылатын қосымша сауалнамалар жүргізіп, тұрғындардан түскен арыз-шағымдарды сараптайтын болады. Бұл қаладағы мәселелерді жылдам шешуге мүмкіндік береді.

Цифрлық технология басқармасы туризмді қолдау аясында Алакөлдегі демалыс орындарын брондау үшін ALAKOL.KZ брондау қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Қызмет веб-сайт форматында да, кросс-платформалық мобильді қосымша арқылы да қолжетімді болмақ. Білім беру саласында Balapan ID жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Face-ID технологиясы бойынша өзекті, қауіпсіз және жоғары тиімді құралды пайдалана отырып, Семей қаласындағы мектептердегі сабаққа қатысуды бақылау мен есепке алудың заманауи жүйесін қалыптастыруда.

Сонымен қатар, Абай облысын сапалы интернетпен қамтамасыз ету – негізгі жұмыстың бірі. Абай облысының əкімдігі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігімен бірлесіп аймақ елді мекендерінің интернет желісіне сапалы кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын бекітті. Осы жоба аясында биыл байланыс сапасын жақсарту үшін 23 антенна-діңгекті құрылыстар салу жоспарлануда.

Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар