Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы
2024 жылғы қаңтар-маусымында жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға өсті және 236,9 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 13-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,7%-ды құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 68,3%-ын құрады және 2023 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 5,6%-ға көбейді.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға артты және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 40,6%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 73,5%-ын азық-түлік емес тауарлары, 26,5%-ын азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 181,4 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 76,6%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,3%, Жарма ауданына –4,2%-дан, Үржар ауданына – 3,2%-дан,Бородулиха ауданына -2,7% -дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 1,7% (Курчатов қаласы) 1%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,5%-ға дейін (Бесқарағай ауданы) ,1,3%-ға дейін (Мақаншы ауданына), 1,5%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2024 жылғы қаңтар-маусымында көтерме сауда көлемі 132,2 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 115,3% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 66,0%-ды, азық-түлік тауарлары – 34,0%-ды құрайды.
____________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы
Орындаушы cауда және қызмет көрсету статистикасы
бөлім басшысы
Г.Т.Толегенова
Тел. +7 7222 362612
Адрес:
180000, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -