Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында іс-шаралар өтуде: Абай облысы, 25 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында іс-шаралар өтуде

25 қыркүйекте «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Абай облысында ауқымды экологиялық шаралар өтті. Олар экологиялық жағдайды жақсартуға, елді мекендердегі тазалықты қалпына келтіруге көмектесіп қана қоймай, тұрғындарды ортақ іске – туған жерінің игілігі үшін еңбек етуге біріктіреді.

Су қоймаларын, саябақтарды, алаңдарды, көшелер мен аулаларды қамтыған ірі сенбіліктерге жүздеген жергілікті тұрғындар шықты. Олардың барлығы да туған жерінің келбетіне бей-жай қарамайтыны анық, өйткені болашақ ұрпақтың экологиялық санасын көтеру дәл қазірден басталатынын нық біледі. Ал «Таза Қазақстан» бағдарламасы бұл үшін тамаша мүмкіндік қана емес, болашақта тазалықты сақтауға ынталандыру.

Сонымен қатар ауқымды сенбілік Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні мерекесіне орайластырылды.

Бородулиха ауданы Новопокровка ауылында сенбілік өтіп, тұрғындар мен жергілікті мекеме өкілдері Жура өзенінің арнасын қалың қамыстан тазартып, су ағынын жақсартуға және көктемгі су тасу қаупін азайтуға септігін тигізді.Акцияға тек жергілікті тұрғындар ғана емес, бюджеттік мекеме қызметкерлері, студенттер мен жастар да қатысты. Новопокровка ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Анатолий Романов мұндай шаралардың қоғам бірлігі үшін маңызына тоқталып, туған жерге қамқорлық жасау әр адамның міндеті екенін еске салды.

Сондай-ақ, Мақаншы ауданында «Менің өлкем» экологиялық акциясы өтті. Үржар ауданында «Болашақ» саябағының аумағы тазартылды. Бағдарлама аясында саябақтар мен қоғамдық орындарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінген. Бесқарағай ауылында жаңа саябақтың құрылысы аяқталды. Саябақта балалар ойын алаңы, LED-экран, сахна, теннис және шахмат үстелдері қойылды, сонымен қатар 150 қарағай мен шетен ағаштары отырғызылып, 42 шам орнатылды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері акцияға облыста 100 430 адам, оның ішінде 3 626 ұйым мен мекеме өкілдері қатысты. Жұмысқа 2087 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 99 023 аула тазаланып, 55 131 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарына тасымалданды. Облыс бойынша 239 саябақ пен сквер тазартылып, 313 ескерткіштің айналасы абаттандырылып, 741 шаршы метр тасжол жөнделді. 135 540 ағаш және 8 622 бұта отырғызылды. Сенбілік 1077 әлеуметтік және 2261 өндірістік нысанды, сондай-ақ 934 жасанды су қоймасын қамтыды.

Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар