Абай облысында өткен "Жас сарбаз барысы" турнирінде үздік балуан анықталды
Жас батырлардың сайысы Семей қаласының Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өтті.
Боз кілемде жекпе-жек техникасын Астана қаласы, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Павлодар облыстарынан келген 21 спортшы көрсетті.
Іс-шараға "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов, Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, "Жас сарбаз" республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев, спорт ардагерлері мен жастар қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысының намысын қорғаған Ерасыл Нұрахметов жеңімпаз атанды. Павлодарлықтар Алмас Рыспеков пен Теміртас Файзолла күміс және қола жүлдегерлерге ие болды. Балаларға алған орындарына қарай 200, 150 және 100 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақылар табысталды.
"Үздік техника" және "Жеңіске деген жігері үшін" номинациялары бойынша 50 мың теңге көлеміндегі сыйақы астаналық Ержан Нұрмұхамеддин мен Жетісу облысынан келген Қайсар Бекмұхамбетұлына берілді.
Турнирдің әр қатысушысына "Абай елі" брендінен арнайы кәдесый тарту етілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -