Абай облысының бес мұғалімі «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды
Бүгін облыстың барлық мектебінде «Мектебім, саған мың алғыс!» мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шара өтті. Мерекелік шарада облыс бойынша «Үздік мұғалім» атағын иеленген 5 ұстазға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісі табысталды.
Бородулиха ауданынан М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Әсел Ықыласова, Камышенка орта мектебінің көркемсурет пәні мұғалімі - Галина Сафронова, Н.Островский атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі - Саят Бодомбаев,Семей қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия мұғалімі - Қуат Оразалин, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі - Жанар Дурмекбаева.
Марапатты Білім бөлімі басшылары мектеп бітірушілерге арналған соңғы қоңырау жиынында табыстады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -