Абай облысының делегациясы Қазан қаласына түрлі салаларда тәжірибе алмасуға барды
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, аудан әкімдері, басқарма басшылары, «Kazakh Invest» компаниясының өңірдегі директоры Қайрат Асаинов, Семей халықаралық әуежайының директоры Ғазизбек Саматов, «Abai IT-Valley» жобасының амбассадоры Асхат Бейсембаев, «Автотранслайн ВК» ЖШС бас директоры Рамиль Нығматулин, сондай-ақ бизнес және мәдениет өкілдері бар.️Сапардың мақсаты – өңіраралық байланысты нығайту, технология, кәсіпкерлік, мәдениет саласында тәжірибе алмасу.
Қазан — Ресейдің ірі көлік және өнеркәсіп орталығы, темір жол, авто және әуе жолдарының маңызды торабы. Сондай-ақ Еділ өзенінің негізгі порттарының бірі ретінде танымал. Қала машина құрастыруда, металл өңдеуде, ұшақ жасауда, химия, мұнай-химия, сондай-ақ жеңіл, тамақ өнеркәсібінде жетекші орын алады.
Қазан — Ресейдегі ең ірі ғылыми-техникалық орталықтардың бірі. Қалада жоғары технологиялар саласындағы жетекші ресейлік технопарк IT-паркі, сондай-ақ Еуропадағы ең ірі технопарктердің бірі «Идея» орналасқан. Шаһарда 136 ғибадат орны, оның ішінде 70 мешіт, 45 православие шіркеуі және басқа да діни ғимараттар бар.
Бұл сапар Абай облысы мен Татарстан арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетін іскерлік байланыстарды орнатуға, перспективалы идеялармен алмасуға бағытталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -