Абай облысының делегациясы Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесінде болды
Татарстандағы Абай облысының мәдени күндері аясында Абай облысының делегациясы Татарстан республикасының Мемлекеттік кеңесінде болды. Сапар барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесі төрағасының орынбасары Марат Ахметовпен кездесті. Кездесуде екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды.
«Қазан қаласына келгенімізге бірнеше күн болды. Бұл жолы үлкен делегациямен келдік. Жаңадан құрылған облыс болғандықтан барлық салада байланыс орнатуға дайынбыз. Біздің облыста өндіріс те, ауыл шаруашылығы да жақсы дамыған. Үлкен теміржол желісі салынып жатыр», — деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Бұл сапардың мақсаты – екі аймақ арасындағы байланысты, әріптестік қарым-қатынасты нығайту, мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту.Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесі төрағасының орынбасары өз сөзінде Абай облысымен байланысты нығайтуға, алыс-берісті арттыруға мүдделі екенін атап өтті.
«Сіздердің өңірдің транзиттік, логистикалық әлеуеті зор. Осы бағыттарда ынтымақтастық орнатқымыз келеді», — деді Марат Ахметов.
Кездесу соңында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев құрметті қонақтардың кітабына қол қойды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -