Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!Күнделікті өмірдегі оқиғаларды халыққа боямасыз, тура жеткізумен қатар, қоғамдық пікірді де қалыптастырасыздар.
Ақпараттың шынайылығы мен объективтілігі, жеделдігі өз алдына халық пен билік арасында көпір болу тек сіздердің ғана қолдарыңыздан келетін іс.
Біз сіздердің бұл еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз.
Атқарушы билік БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Біздің ортақ жұмысымыз қоғамды бір арнаға тоғыстырып, халыққа ақпаратты ашық әрі анық жеткізу.
Мереке күні адал еңбек, мықты кәсібилік, мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін!
Сіздерге шабыт, тың идеялар мен шығармашылық табыс тілеймін! Мереке құтты болсын!
Нұрлан Ұранхаев,Абай облысының әкімі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -