Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың білім күнімен құттықтауы
Құрметті жерлестер!
Білім күні құтты болсын! Білімді азамат – еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», - деп заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, білімдінің алмайтын шыңы, бағындырмайтын биігі жоқ.
Мемлекет жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Заманауи мектептер салынып, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталуда.
Мектептің жүрегі - мұғалім. Білікті ұстаздан білімді шәкірт шығады. Сондықтан педагогтеріміздің кәсіби деңгейін көтеру күн тәртібінен түскен емес.
Мектеп оқушыларын, мұғалімдер мен ата-аналарды бүгінгі ерекше күнмен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы табысты болсын!
Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -