Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтауы
Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Қадірлі мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз - Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын берік ұстанып, кәсіби іскерлік пен антқа адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер.
Дана халқымызда «Ұлтқа қызмет ету – мінезден» деген ұлағатты сөз бар. Ұлттық мүдде мен халық игілігі жолында шынайы әрі адал қызмет атқару – жауапкершілігі зор мәртебелі міндет.
Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп, қызметтеріңізді мінсіз орындап, абырой биігінен көріне беріңіздер!
Жауапты жұмыстарыңызға толағай табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -