Абай облысының мұғалімі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен марапатталды: Абай облысы, 05 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Абай облысының мұғалімі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен марапатталды

19:00 кеше - 05 Қазан 2024 жылдың 6 Абай облысыАбай облысының әкімдігі
Абай облысының мұғалімі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен марапатталды

Абай облысының мұғалімі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен марапатталды

Мұғалімдер күні қарсаңында Мемлекет басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, педагогтерге алғыс айтты. Білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды

Марапатталған үздік ұстаздардың қатарында Абай облысынан Жүсіпбек Аймауытов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Наталья Тегай да бар. Ол білім саласына қосқан үлесі мен ұзақ жылдар бойы ерен еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды.

Наталья Тегай – еңбек өтілі 43 жылды құрайтын тәжірибелі ұстаз, Алматы облысы, Талғар ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді маман ретінде ол өзінің саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған. Білім беру саласында жетістіктерге жетіп, үлкен тәжірибе жинаған ұстаз. Оның шәкірттері республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді.

Наталья Тегай бірнеше рет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Ол «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. Оның жетекшілігімен мектеп көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, дарынды оқушылармен белсенді жұмыс жүргізілуде.



Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Мұғалімдер күні қарсаңында Мемлекет басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, педагогтерге алғыс айтты. Білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды</p> <p>Марапатталған үздік ұстаздардың қатарында Абай облысынан Жүсіпбек Аймауытов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Наталья Тегай да бар. Ол білім саласына қосқан үлесі мен ұзақ жылдар бойы ерен еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды.</p> <p>Наталья Тегай – еңбек өтілі 43 жылды құрайтын тәжірибелі ұстаз, Алматы облысы, Талғар ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді маман ретінде ол өзінің саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған. Білім беру саласында жетістіктерге жетіп, үлкен тәжірибе жинаған ұстаз. Оның шәкірттері республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді.</p> <p>Наталья Тегай бірнеше рет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Ол «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. Оның жетекшілігімен мектеп көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, дарынды оқушылармен белсенді жұмыс жүргізілуде.</p>

Аймақтағы жаңалықтар