Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі Қазақстан Республикасының төртінші мерзімді Ұлттық баяндамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі Қазақстан Республикасының төртінші мерзімді Ұлттық баяндамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі - қаулы жобасы) әзірледі.
Қаулы жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 5/1 қарарына қосымшаның 15 а) тармақшасын орындау үшін әзірленді, онда мемлекеттердің адам құқықтарының жай-күйін тұрақты шолу жөніндегі міндеттемесі көзделген (төрт жылда бір рет).
2019 жылғы 7 қарашада Қазақстан БҰҰ-ға мүше елдерге әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде елдегі адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау жөніндегі үшінші ұлттық баяндаманы ұсынды (2010 жылы - бірінші, 2014 жылы - екінші).
Үшінші цикл шеңберінде БҰҰ-ға мүше елдер 245 ұсыныс берді, оның 214-і Қазақстан тарапынан қолдау тапты.
Шолу соңғы қорғалған сәттен бастап соңғы төрт жылдағы Қазақстанның реформаларын қамтиды және Әділет министрлігінің ұлттық мүдделерін қорғау және республиканың әлемдік қоғамдастықтағы беделін нығайту мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеттерін іске асырады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -