Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі ҰАТ қатысушыларының 2025 жылға арналған бару жұмыстарының жоспарын бекітті
14 қаңтарда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің ағымдағы жылғы бірінші отырысы өтті.
Отырыс барысында Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспары және Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының 2025 жылға арналған профилактикалық бару жоспары бекітіліп, ұйымдастыру мәселелері де қаралды.Үйлестіру кеңесі 2024 жылғы сапарлардың нәтижелері бойынша ҰАТ қатысушыларының жиынтық есебін дайындауға, жүргізілген профилактикалық сапарлардың сапасын талдауға және ҰАТ қатысушыларының құжаттарды дайындауына қатысты бірқатар іс-шараларды жоспарлады.Еске салайық, 2024 жылдың желтоқсанында екі жылдық мандаттың аяқталуына байланысты ҰАТ 105 қатысушысы таңдалды. Жаңадан сайланған мүшелердің 38% жаңа мүшелер және 62% бұрынғы мүшелерден тұрады.Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінің жоспарында ҰАТ жаңа қатысушыларын профилактикалық баруларды жүргізуге оқыту және құжаттарды әзірлеуге үйрету қарастырылған.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі адам құқықтарын қорғау бағытындағы күш-жігерді үйлестіру мақсатында құқық қорғау ұйымдарының өкілдерін, азаматтық белсенділер мен сарапшыларды біріктіретін орган болып табылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -