АСТЫҚ НАРЫҒЫНДА НЕГІЗГІ ҚУАТ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі астық сақтау қызметтері нарығының бәсекелестік жағдайына талдауды аяқтады.
Бүгінгі таңда елімізде жалпы сақтау қуаты 13,4 млн тонна болатын 207 лицензияланған элеватор жұмыс істейді. Лицензияланбаған объектілерде сақталатын астық көлемі 16,6 млн тоннаны құрайды.
Талдау жедел шешімдерді қажет ететін күрделі мәселелерді анықтады. Лицензияланған элеваторлардың көпшілігі Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында шоғырланған. Бұл кәсіпорындардың инфрақұрылымы ескірген күйінде қалып отыр. Бұл тиімді сақтау және логистика мүмкіндіктерін шектейді.
Мәселелер маусымдық бағаның өсуін күшейтеді. Астық қабылдау пункт қызметтері бағасының индексі үшінші тоқсанда 10-50% - ға өскенін көрсетеді. Бұл егін жинау кезеңінде жоғары сұранысқа байланысты. Сондай-ақ, демалыс күндері қызмет көрсету құнының 30% - ға артуы байқалып, демек фермерлердің шығындарын арттырады.
Астықты сақтау нарығы жоғары шоғырланумен сипатталады: бірқатар өңірлерде үстем жағдайға ие ірі компаниялар ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қиындықтар туғызады. Фермерлер жоғары тарифтерге, қуатқа қол жеткізудегі шектеулерге және осы қызметтерді ұсынудың ашық емес шарттарына тап болады. Бұл мәселелерді шешу үшін теріс пайдалануды жоятын, элеваторларға тең қол жеткізуді қамтамасыз ететін және қызметтер нарығын бәсекеге қабілетті ететін ережелерді енгізу қажет.
Талдау нәтижелері бойынша 30 хабарлама, 1 ұйғарым шығарылды, 173 ескерту жіберілді, әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Сондай-ақ, адал бәсекелестікті көздейтін 41 монополияға қарсы комплаенс жасалды, оның ішінде астықты кептіру қызметтеріне тарифтерді жария түрде ашу міндеттемесі де бар.
Қосымша, ашықтықты арттыру үшін «ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ (АЕО) арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілді. Бұл орталықтың қызметін реттеуге, Qoldau жүйесінде астық қолхаттарын тіркеу қызметтеріне шекті бағаларды белгілеуге мүмкіндік береді.
БҚДА цифрлық есепке алу жүйелерін енгізу бойынша НҚА-ға тиісті өзгерістерге бастамашылық жасауды ұсынады. Осылайша процестерді автоматтандыруға және ашық бәсекелестік ортаны құруға маңызды қадам болады (есепке алу жүйесі және көрсетілетін қызметтерге өтінімдерді беру мен бас тартудың автоматтандырылған жүйесі, тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып).
Субсидиялау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Құрылысты қолдауға және астық қоймаларын кеңейтуге шектеулер қойылды, оған сәйкес қуаттылығы 10 000 тоннаға дейінгі объектілер үшін ғана субсидиялар беріледі. Яғни, қуаттылығы жоғары ірі АҚП қолданыстағы АҚП-ны жаңғыртуға субсидия ала алмайды. Бұл ретте Қостанай облысында өндірістік қуаттылығы 12 мың тоннадан басталады. Осыған байланысты субсидиялау қағидаларына шекті мәнді өзгерту бөлігінде тиісті өзгерістер енгізу ұсынылады.
Қазіргі уақытта Агенттік уәкілетті органдармен бірлесіп негізгі қуат қағидаларын, сондай-ақ негізгі кедергілерді жою жөніндегі Жол картасын әзірлеуде. Бұл бастамалар астық сақтау нарығын тұрақтандыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, фермерлерді қолдауға және Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторының өсуі үшін қажетті бәсекелестік ортаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Дәрілік заттарды көтерме сату нарығындағы бәсекелестік жағдайының талдау нәтижелері осы сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/792892?lang=ru арқылы қолжетімді.
Сурет www.ryazagro.ru сайтынан алынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -