АДБ Қазақстанның Энергетика министрлігіне гидроэнергетика саласын дамыту бойынша кеңес береді
Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Лондонға жұмыс сапары аясында Азия даму банкінің (АДБ) өкілдерімен Қазақстанның гидроэнергетикасын дамыту бағдарламасы бойынша консультациялық қызметтер туралы келісім жасасты.
Келісімнің мақсаты электр энергиясын өндіру мен тұтынудың тәуліктік режимдерін реттеу үшін маневрлік электр қуатын ұлғайта отырып, гидроэнергетика саласын дамыту арқылы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
ГЭС дамыту бағдарламасына Қазақстан Республикасының Балқаш, Алакөл және Ертіс-Зайсан бассейндеріндегі гидроэнергетикалық жобаларды жобалау, қаржыландыру, салу, пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету кіреді.
Жасалған келісім шеңберінде АДБ аукциондық құжаттама пакетін әзірлеуге техникалық көмек қаражатын бөледі деп жоспарлануда, оның ішінде геологияны, геодезияны, топографиялық түсірілімдерді қоса алғанда, әлеуетті учаскелерді егжей-тегжейлі зерделеумен алдын ала техникалық-экономикалық негіздеуді қоса, электр энергиясын сатып алу шартының жобасы, аукциондық құжаттама, қаржылық-экономикалық үлгі, тарифтік есептеулер және жоба құрылымына қатысты ұсыныстар.
"Келісім сонымен қатар қуаты 600 МВт ГЭС жобасы үшін құжаттамамен алғашқы аукциондық сауда-саттықты өткізуге бағытталған. Жобалық аукциондарды өткізу инвесторларға құжаттаманы дайындауға уақыт пен ресурстарды қысқартуға мүмкіндік береді, өйткені келісімде су электр станциясын салудың сәулеттік, функционалдық, техникалық, инженерлік шешімдерін анықтайтын алдын ала техникалық экономикалық негіздеме әзірлеу жоспарланған. Келісім жасау бойынша бірлескен нәтижелі жұмыстар атқарылды», - деді энергетика министрі А.Сәтқалиев.
Сондай-ақ, энергетика министрлігінің басшысы АДБ өкілдеріне метанның антропогендік шығарындыларын азайту бөлігінде ең жақсы көрсеткіштерге тезірек қол жеткізу үшін технологиялық қолдауды, инвестициялар мен гранттарды тарту мәселесін бірлесіп пысықтауды ұсынды.
Ол Қазақстан экономиканың барлық секторларында, оның ішінде мұнай-газ саласында метан шығарындыларын қысқарту саласына инвестициялар мен технологияларды тарту жөніндегі жұмысты жандандыруға дайын екенін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -