Агенттік халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын ипотекалық қарыз алушыларды қорғауды күшейтті: Алматы қаласы, 14 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Агенттік халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын ипотекалық қарыз алушыларды қорғауды күшейтті

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын ипотекалық қарыз алушыларды қолдау, олардың жалғыз баспанасын сақтап қалу үшін қолдау көрсету және борыш жүктемесін төмендету үшін 2015 жылдан бастап Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылып келгенін хабарлайды.

Бағдарламаның барлық қолданыс кезеңінде 48 мың азаматтың жылдық 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша 315,8 млрд теңгеге ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылды, 87,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік осал топқа жататын 10 мың азаматтың борышы есептен шығарылды.

2024 жылғы қыркүйектен бастап ХӘОТ-қа жататын проблемалық ипотекалық қарыз алушыларды көбірек қамту үшін Бағдарламаға 2010 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде берілген қарыздар қосылды (бұрын 2004 – 2009 жылдар аралығындағы қарыздар қамтылған).

Ипотекалық қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды арттыру мақсатында заңнаманы жетілдіру бағытында тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп келеді.

Мәселен, биыл 19 маусымдағы кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту туралы заң бойынша жылу беру маусымында халықтың әлеуметтік осал топтарын ғана емес, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектер тұратын отбасыларды жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу енгізілді.

Халықтың осал топтарына көмек көрсету мақсатында банктерге азаматтардың осы санатына банк балансындағы тұрғын үйді кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру мүмкіндігі берілді.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бланкілік қалдықтарды есептен шығару үшін заңнамалық негіз құрылды, сондай-ақ банктік шотта кем дегенде 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі сомасында қаржының сақталуы қамтамасыз етілді (2024 жылы 86 814 теңге), бұл азаматтарға қажетті қаржылық қауіпсіздік жастықшасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын ипотекалық қарыз алушыларды қолдау, олардың жалғыз баспанасын сақтап қалу үшін қолдау көрсету және борыш жүктемесін төмендету үшін 2015 жылдан бастап Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылып келгенін хабарлайды.

Бағдарламаның барлық қолданыс кезеңінде 48 мың азаматтың жылдық 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша 315,8 млрд теңгеге ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылды, 87,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік осал топқа жататын 10 мың азаматтың борышы есептен шығарылды.

2024 жылғы қыркүйектен бастап ХӘОТ-қа жататын проблемалық ипотекалық қарыз алушыларды көбірек қамту үшін Бағдарламаға 2010 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде берілген қарыздар қосылды (бұрын 2004 – 2009 жылдар аралығындағы қарыздар қамтылған).

Ипотекалық қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды арттыру мақсатында заңнаманы жетілдіру бағытында тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп келеді.

Мәселен, биыл 19 маусымдағы кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту туралы заң бойынша жылу беру маусымында халықтың әлеуметтік осал топтарын ғана емес, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектер тұратын отбасыларды жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу енгізілді.

Халықтың осал топтарына көмек көрсету мақсатында банктерге азаматтардың осы санатына банк балансындағы тұрғын үйді кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру мүмкіндігі берілді.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бланкілік қалдықтарды есептен шығару үшін заңнамалық негіз құрылды, сондай-ақ банктік шотта кем дегенде 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі сомасында қаржының сақталуы қамтамасыз етілді (2024 жылы 86 814 теңге), бұл азаматтарға қажетті қаржылық қауіпсіздік жастықшасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Аймақтағы жаңалықтар