Стрестік активтердің көлемі екі есе азайды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2017 жылдан бастап қабылдаған кешенді шаралардың нәтижесінде банк секторында стрестік активтер көлемінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. 2024 жылғы шілдедегі жағдай бойынша стрестік активтердің көлемі 7,7 трлн теңгеден 3,2 трлн теңгеге дейін төмендеді.
Стрестік активтердің жинақталуын болдырмау және оларды экономикаға тиімді тарту мақсатында 2020 жылдан бастап Агенттік жұмыс істемейтін активтерді қысқарту жөніндегі жеке жоспарларды қоса алғанда, бірқатар ынталандырушы және реттеуші шараларды іске асыруда. Соның арқасында қазірдің өзінде 693 млрд теңге экономикалық айналымға енгізілді.
Нарықтың тартымдылығын арттыру үшін соңғы үш жылда отандық және шетелдік инвесторлар үшін оңтайлы жағдайлар жасалды: салықтық преференциялар енгізілді, сервистік компаниялардың институттары құрылды, бейрезиденттерді қоса алғанда, жеке инвесторлардың стрестік активтерді сатып алу мүмкіндіктері берілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы Агенттік цифрлық платформалар құруды қоса алғанда, стрестік активтермен сауда жасау үшін инфрақұрылым құруға бастама жасады. Заңнамаға баға белгілеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ активтерді экономикаға жедел тарту мақсатында цифрлық платформалар арқылы стрестік активтерді міндетті түрде сатуды айқындайтын түзетулер қабылданды.
2024 жылғы 7 қазанда Агенттік Debt Management and Assessment System (DMAS) – банк және микроқаржы активтерін сатуға арналған алғашқы цифрлық платформаны іске қосуға «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-ға алғашқы рұқсатты бергенін естеріңізге сала кетейік.
Қазіргі уақытта DMAS цифрлық платформасында банктер мен САБҰ -ның стрестік активтеріне қатысты жалпы сомасы шамамен 10 млрд теңгеге сауда-саттық жүргізу үшін 6 лот орналастырылды.
Цифрлық платформалардың басқа да әлеуетті операторлары лицензия алуға мүдделі, бұл Қазақстанда стрестік активтер нарығын одан әрі дамытуды ынталандырады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -