АГЕНТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЗИЯ ДАМУ БАНКІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ БОЙЫНША ОҚЫТУДАН ӨТЕДІ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері өткен жылдың соңында басталған деректерді талдау бойынша үш айлық оқыту курсынан өтеді. Азия даму банкі ұйымдастырған бағдарлама Агенттіктің орталық аппаратын да, аумақтық департаменттерін де қамтиды.
Оқыту мәліметтер базасымен жұмыс істеуді, Python бағдарламалауды, деректерді бейнелеу және салалық талдаулар мен тергеулерде статистикалық әдістерді қолдануды қоса алғанда, деректерді талдау құралдарын игеруге бағытталған. Бұл қызметкерлерге нарықтық жағдайды тезірек және дәл талдауға, негізделген шешімдер қабылдауға және өзгерістерге тиімді жауап беруге мүмкіндік береді.
Курс онлайн дәрістерді, практикалық сабақтарды және нақты жағдайларды талдауды қамтиды. Оған деректердің үлкен көлемін талдаудың заманауи тәсілдерін меңгерген 50 қызметкер қатысады. Бағдарлама 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -