Қазақстан және Ұлыбритания СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы
Астана, 2025 жылғы 30 қаңтар – Британ тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы, Достастық және даму істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Дэвид Лэмми телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік рухында дәйекті түрде нығаюын құптады. Саяси диалог пен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға, инвестиция, сондай-ақ білім беру жобаларына ерекше назар аударылды.
Бұған қоса министрлер алдағы өтетін 8-ші қазақ-британ Стратегиялық диалогының маңыздылығын атап өтті. Бұл алаң – екіжақты және көпжақты күн тәртібінің негізгі аспектілерін талқылау, сондай-ақ Астана мен Лондон арасындағы өзара тиімді серіктестікті тереңдетуге бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеу үшін тиімді механизм.
Сыртқы саяси ведомстволар басшылары қазақ-британ қатынастарын одан әрі дамыту үшін күш-жігерді біріктіруге өзара мүдделілік білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -