Агенттік ұжымы қаржылық мониторинг органдары ардагерлерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ұжымы 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай қаржылық мониторинг органдары ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, қарттар күні мерекесімен құттықтады.
Бүкіл өмірлерін қажырлы еңбекке арнаған қарттарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тарту етілді.
Сеилова Балжан Айтишқызы, Жұмасанова Бахыт Ноғайқызы, Ахметов Мейрамхан Мауытқанұлы, Изатов Мұрат Макишұлы бастаған ардагерлер Агенттік басшылығына алғыстарын білдірді.
Қарттар күні – халықаралық мерекесі 1990 жылдың 14–інші желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -