Агенттіктің персоналды дамыту және басқару қызметінің басшысы тағайындалды
Нұргүл Майдина Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің даму және персоналды басқару қызметінің басшысы болып тағайындалды.
Ол Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша, Орталық Азия академиясын құқықтану мамандығымен бітірді .
2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарында ұйымдық-кадрлық және құқықтық мәселелермен айналысты.
2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімде еңбек етті.
2016 – 2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде бас сарапшы, бас консультант, басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.
2023 – 2024 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты экономикалық бөлімінің бас консультанты ретінде қызмет етті.
2024 жылғы ақпан айынан бастап, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің даму және персоналды басқару қызметінің басшысы қызметін атқаруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -