«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ СҚФ директоры сотталды
Петропавл қалалық соты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директорына қатысты үкімді жариялады.
Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден арнайы техника сатып алу және айналым қаражатын толықтыруға несие қарыздарын жеделдетіп бергені үшін,
100 және 500 мың теңгемөлшерінде бірнеше мәрте
пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Телеарналарға арналған сілтеме:
https://disk.yandex.kz/d/OdZbUDEr3QTYDQ
__
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмері арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -