Агроөнеркәсіп бағыты бойынша алғашқы несие мақұлданды
Қаржылай қолдау «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асты.
Алғашқы несие алушы — Ұлытау облысының Қаракеңгір ауылдық округінде 400 гектар жерге мал азығы мен көкөніс өсіруді жүзеге асыратын «Исмаил А.Б.» шаруа қожалығы.
Жоба бойынша өндіріс қуаты 3 800 тонна картоп пен 3 000 тонна жоңышқа өндіруді көздейді. Кәсіпорын өндірісте суды үнемдейтін заманауи технологияларды (жаңбырлату, тамшылатып суару) пайдалануды жоспарлап отыр.
Жеңілдетілген несие сомасы 637,6 млн теңгені құрайды, жылдық мөлшерлеме 2,5%. Өтеу мерзімі 120 ай. Сонымен қатар, жеңілдетілген несие бағдарламасында 24 айлық жеңілдікті кезең де қарастырылған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -