«AgroFest Batys 2024» Батыс Қазақстан облысында өтуде
Ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен шаруашылық басшыларын бір алаңға біріктірген жыл сайынғы ауқымды іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков қатысты.
«AgroFest 2024» көрмесінің ашылуында Ербол Тасжүреков Мемлекет басшысы өсімдік шаруашылығында да, мал шаруашылығында да заманауи агротехнологияларды енгізу, аграрлық ғылымның жетістіктерін пайдалану, жоғары өнімді техниканы, цифрлық технологияларды қолдану, сондай-ақ ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 5 жыл ішінде 2 есеге ұлғайту бойынша үлкен міндет қойғанын, сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі және жаңа өткізу нарықтарына экспорт көлемін ұлғайту қажеттігін атап өтті.
«AgroFest 2024» көрмесі өндіріс тиімділігін арттыру үшін қажетті құралдар мен шешімдерді бір жерде көруге мүмкіндік беретін демонстрациялық алаң болып табылады. Мұнда АӨК саласының көптеген отандық және шетелдік компаниялары өз қызметтері мен тауарларын ұсынып, тәжірибе алмасатын мүмкіндік бар. Әрине, мұндай іс - шаралар аграрлық сектордың тиімді дамуына ықпал етпек»,-деп атап өтті вице-министр.
Сонымен бірге, Ербол Тасжүреков министрліктің АӨК дамыту мақсатында қабылдаған мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы технологиялық процесті субсидиялау, жеңілдетілген кредиттеу және басқа да тетіктер туралы айтып берді.
Осылайша, сүт өнімдері өндірісін ұлғайту және импортты алмастыру мақсатында ӘКК арқылы ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобаларға жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы іске асырылуда. СҚО тәжірибесіне сүйене келе жылына қосымша 372 мың тонна сүт өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын дамыту - біздің бірлескен міндетіміз. Мемлекет саланы қолдауға қомақты қаражат бөледі, өндіріс жағдайларын жасауға, өткізу нарықтарын ашуға күш салынуда, бұл әсіресе өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында маңызды. Аграршылардан біз өндірістің тиімділігін, өнімділігін арттыруды, өндірісті әртараптандыруды күтеміз, бұл Қазақстанның ауыл шаруашылығына табыс табуға, ал ауылдың дамуына көмектеспек»,-деді вице-министр «АгроСервис-Батыс» компаниясына көрмені ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіре отырып.
Айта кетейік, агрофестке қатысушылар үшін ауқымды және мазмұнды бағдарлама дайындалған.
Сондай-ақ, көрмеде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, өңірдің жетекші өсімдік өсірушілерінің ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциялық жетістіктері бар арнайы бөлімшелердің демонстрациялық алаңын тамашалауға болады.
Үш күн ішінде ірі қара, ұсақ мал және жылқы етінен чемпионаттар, халықтық ауыл шаруашылығы кәсіптері чемпионаты өтетін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -