«Айбын» клубы: Сағадат Нұрмағамбетовтің ізбасарлары
«Айбын» X Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны 16-22 маусым аралығында Алматыда өтті, оған Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжанның жасөспірімдері қатысты. Іс-шара Кеңес Одағының Батыры, ҚР бірінші Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орайластырылды.
Біздің облыстың намысын Көкшетау қаласының Ж. Мусин атындағы Қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-патриоттық клубы қорғады. Команда еліміздің өңірлері бойынша бірінші орынды иеленді.
Облыс әкімі Марат Ахметжанов жеңімпаздарды жарыстағы жеңісімен құттықтады.
«Біз әрқашан талантты, прогрессивті, ақылды, қабілетті және патриот жастарды қолдаймыз. Бұл оқиға біздің аймақ үшін маңызды. Елімізде өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру - мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Ол арқылы жас ұрпақ Отанды қорғау үшін қажетті жеке қасиеттерін дамытады», - деді М.Ахметжанов.
Жеңімпаздардың өздері атап өткендей, жиынға үздік әскери-патриоттық клубтар қатысты. Жеңіске деген ерік-жігер мен жақсы дайындықтың арқасында Ақмола облысының командасы жақсы нәтиже көрсетті. Кездесу соңында өңір басшысы колледж педагогтарына «С.Нұрмағамбетовке 100 жыл» медалін табыс етті, команда мүшелері облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -