Айдарбек Сапаров Павлодар облысының шаруашылықтарымен танысты
5 маусымда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Павлодар облысына іссапармен барып, өңірдегі ауыл шаруашылығының ағымдағы жобаларымен және жетістіктерімен танысып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен түйткілді мәселелерді талқылады.
«Андас АГРО» ЖШС 50 адамды жұмыспен қамтып отыр, 10 мың гектардан астам егістік жері бар. Өткен жылы 50 мың тоннаға жуық картоп, 7 мың тоннадан астам сәбіз, 420 тонна бидай, 360 мың тонна арпа жиналды.
2024 жылдың маусым айында серіктестік 1200 бас ірі қара малға арналған сүт-тауарлы ферма құрылысының инвестициялық жобасын жүзеге асыруды аяқтамақ. Жобаның құны 7 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ, Айдарбек Сапаров «Набережное» ЖШС егіс жұмыстарының барысымен танысты. Шаруашылық 23 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптарында дәнді және майлы дақылдарды өсірумен айналысады, 68 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар.
Серіктестік базасында министрдің Павлодар, Успен және Тереңкөл аудандарының шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесуі өтті, Кездесу барысында көктемгі егіс жұмыстарының өтуіне қатысты мәселелер, жедел шешуді талап ететін мәселелер талқыланды.
Министр қуаттылығы жылына 10 мың тонна болатын «Ақтоғай-Milk» сүт-тауар фермасында болды. Шаруашылықта 2 200 бас ІҚМ бар.
Өңірдің сүт және сүт өнімдерін өндірушілерімен кездесуде саланы дамытудың өзекті мәселелері айтылып, мал шаруашылығының өнімділігін арттыру жолдары талқыланды.
Министр сүт секторын дамыту басым бағыттардың бірі болып саналатынын және оны қолдау мен дамыту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.
Министрдің Павлодар облысына жұмыс сапары өңірдегі қазіргі заманғы ірі шаруашылықтардың бірі «Ақтоғай-Агро» Фирмасында қорытындыланды.
Кәсіпорынның бес бағытының бірі – агробизнес саласы. 2021 жылы 1200 сиырға арналған сүт-тауар фермасы салынды.
Компания инновациялық технологияларды белсенді енгізуде, бұл өндіріс деңгейін және шаруашылық жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Серіктестік жанында қуаттылығы 50 мың тонна көкөніс қоймасы жұмыс істейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -