Айдарбек Сапаров: шегірткеге қарсы іс-шараларға 2500-ден астам адам жұмылдырылды
Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегірткелерге қарсы күрес пен шаруашылықтарды сақтау мақсатында министрлік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.
Айта кетейік, 2024 жылы шегіртке тектестердің таралуының табиғи шыңы байқалады. Зиянкестердің таралу аумағының артуы 2023 жылы да анықталған болатын. Өткен жылы 1,5 млн га аумақ өңделсе, биылғы жылы шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеуге жоспарланған аумақ 2,5 млн га ұлғайған, оның ішінде Түркістан облысы бойынша – 271 мың га.
"Ағымдағы жылы өңдеуге 2,5 млн га жоспарланған, бұл соңғы жылдары (2016 жылдан бастап) – химиялық өңдеудің ең кең аумағы болып саналады. Өткен 2023 жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға артық. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, біздегі өңделетін жер Орталық Азияның барлық елдері өңдейтін аумақты қосқаннан да көп", - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.
Министр мониторинг пен өңдеу үшін негізгі және қосымша ресурстар тартылғанын атап өтті.
Атап айтқанда, республика бойынша 2500-ден астам маман, 427 арнайы техника: 289 жерүсті желдеткіштері мен штангалы бүріккіштер, 56 аэрозольдік газ генераторлары (ГАРД), 36 аса жеңіл ауа жабдығы, 36 ұшақ жұмылдырылған.
Биылғы жылы алғаш рет дрондар нақты нысандарды өңдеуге тартылды, бұл жетуі қиын жерлерде жұмысты жеңілдетті.
Шегірткелердің көші-қонын болдырмау мақсатында көрші мемлекеттермен жұмыс жүргізілуде.
"Көршілермен және халықаралық ұйымдармен жұмыс істеп жатырмыз. Жұма күні, яғни, 7 маусымда біз ФАО алаңында шегірткеге қарсы күрес тақырыбы бойынша Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуін өткіздік. Күш-жігерді үйлестіру талқыланды. Ресей тарапымен кеңес өткізілді, өзбек әріптестерімен бірлескен өңдеулер жүргізілді", - деді Айдарбек Сапаров.
Ауыл шаруашылығы министрі шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделетін жерлерді анықтау және өңдеу мәселелері ведомствоның ерекше бақылауында екенін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -