Аймақтың 13 колледжі аграрлық кәсіп бойынша мамандар даярлауда
Ақмола облысындағы 29 колледжінің 13-і аграрлық сала үшін кадрлар даярлайды. Оларда 5 мыңнан астам студент тегін оқиды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша – 1500-ден астам адам. Осындай 7 колледж ауылдық жерлерде орналасқан.
Болашақ ауыл шаруашылығы мамандарын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі», «Жеміс-көкөніс шаруашылығы», «Ет және ет өнімдерін өндіру», «Аңшылық және аң өсіру шаруашылығы», «Орман шаруашылығы», «Мехатроника», «Агрономия», «Зоотехния» және «Ветеринария» мамандықтары бойынша оқытады.
2023-2024 оқу жылында нысаналы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 667 талапкер қабылданды, оның ішінде 200 студент аграрлық мамандықтар бойынша білім алуда. Бұл оларға оқу кезеңінде жұмыс табуға және жұмыс берушілерге білім беру процесіне қатысуға мүмкіндік берді. Мәселен, Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжі «Зеренді-Астық» ЖШС, «Рейн» ЖШС, «Көкшетаулық ТӨШ» ЖШС, «Жақсылық Agro» ЖШС-мен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша мақсатты даярлауға шарт жасасты. Катаркөл ауылының «Ветеринария және биотехнология жоғары колледжі» «Жақсылық Agro» ЖШС, «Асыл Көкше Зооветснаб» ЖШС, «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ-мен «Ветеринария» мамандығы бойынша шарт жасасты.
Түлектерді жұмысқа орналастыру шамамен 70% құрайды, бұл мамандарды даярлау сапасының жақсы көрсеткіші болып табылады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша шығарылым 588 адамды құрады, оның 410-ы жұмысқа орналастырылды. Қалған түлектер ЖОО-да оқуын жалғастыруда, ҚР Қарулы күштеріне қызметке шақырылды.
Түлектердің үлкен үлесі «Еуразия групп Казахстан» ЖШС, «Агрофирма TNK», «Аскоп» ЖШС, «Жақсылық-Агро» ЖШС, «ҚазГер-ҚҰС» ЖШС, «Каz Beef» ЖШС, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС, «Журавлевка» ЖШС, «Баймырза Агро» ЖШС, «Агример астық» және "Ақмола Бидай" элеваторлары, «Ақсай-Нан комбинаты» ЖШС, «Зеренді НҚК» ЖШС, «Урожай» ЖШС, «Достық элеваторы» ЖШС, «Көкшетау ТӨШ" ЖШС, «Көкшетаумельинвест» ЖШС және т. б. сияқты кәсіпорындарда жұмысқа орналастырылады.
2024 жылы колледждер аграрлық саласында 595 маман даярлады. 2023 жылы бюджет шеңберінде ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандықтар бойынша 533 адам. Келесі 2024-2025 оқу жылына 540 адам қабылданады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -