АКАДЕМИККЕ ҚҰРМЕТ: ЖЕЗҚАЗҒАНДА ҚАНЫШ СӘТБАЕВ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасындағы меморандум аясында, балаларды қорғау күнінде Жезқазғандағы бұрынғы «Металлургтер алаңы» заманауи үлгіде қайта жаңартылып, «Қаныш Сәтбаев алаңы» атауымен қолданысқа берілді.
Ұлы ғалымның туғанына 125 жыл толуына және Жезқазған қаласының 70 жылдығына орай атқарылған реконструкция жұмыстарын «Тансу констракшн» ЖШС жүргізді.
Жаңа алаңда құрғақ фонтан, Серке Қожамқұлов театрына қарама-қарсы амфитеатр, балалар ойын алаңы, тынығуға арналған орын қарастырылған. Одан бөлек, көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстары атқарылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -