Алға қаласының айналма жолының бір бөлігі шілденің аяғында ашылады
Жөндеу жұмысы жүріп жатқан қалған аумақ жыл аяғында қолданысқа беріледі.
«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға дейін)» республикалық автожолы Алға ауданы аумағы арқылы өтеді. Оның маңызды бөлігі – қаланы айналып өтетін жолы.
Күре жолдың жаңа құрылысының ұзындығы 16 шақырымды құрайды. І санатты трассада 7 жасанды құрылыс, оның екеуі – көпір өткелі, біреуі – теміржолдан өтетін көпір өткелі, сондай-ақ, Елек өзені арқылы өтетін екі үлкен көпір және ауыл шаруашылығы техникалары үшін екі шағын көпір салынған.
Айналма жолдың құрылыс барысын көрген облыс әкімі Асхат Шахаров көлік қозғалысына ыңғайлы болу үшін айналма жолдың бір жолағын шілде айының соңына дейін ашуды тапсырды. Бұл «Қазавтожол» мекемесіне Алға қаласының ішкі жолын жөндеуге мүмкіндік береді.
Жалпы, «Ақтөбе-Атырау – РФ шекарасы (Астраханьға дейін)» республикалық трассасын қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. «Сине Мидас Строй» БК» ЖШС «Ақтөбе-Қандыағаш» бағытындағы жолдың 44,3 шақырым жөндеуде. Жобаға сәйкес, асфальт төсеуден бөлек, көпірлер салу, су құбырлары және жол бойындағы жол нығайтылады.
Сонымен қатар, Алға ауданында аудандық маңызы бар «Алға-Есет батыр» трассасының орташа жөндеуі аяқталуға жақын. «АссанаДорСтрой» мердігерлік ұйымы 6 шақырым автожолдың жол жиектерін нығайту жұмыстарына көшкен. Жол белгілерін де орнатуда. Өңір басшысы мердігер ұйымға орындалып жатқан жұмыстардың сапасы маңызды екенін еске салды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -