Бауыржан Нұрмаханов атындағы еркін күрестен (U-17) турнир өтті
Ақтөбеде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бауыржан Нұрмаханов атындағы еркін күрестен (U-17) республикалық турнир өтті. Оған еліміздің әр түкпірінен 2008-2009 жылдары туған жас спортшылар қатысты.
Бұл шара Бауыржан Нұрмахановты құрметті демалысқа шығарып салуға арналды. Ардагер бапкер Әбіл Ибрагим, Эльдар Шамсутдинов, Әбділхакім Сәниев, Ольга Жәнібекова және тағы басқа да ондаған әлем чемпиондарын тәрбиеледі. Турнирдің ашылуына арнайы шақырылған қала әкімі Азамат Бекет талай чемпионның бапкері болған Бауыржан Нұрсұлтанұлын құттықтап, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
«Бүгін міне, біз қазақ спортының саңлағы, өз жолы бар дарабоз спортшы Бауыржан Нұрсұлтанұлының құрметіне арналған турнирдің ашылуында бас қосып отырмыз. Бауыржан аға еркін күрестен елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы ретінде спорт саласының дамуына ерекше үлес қосқан жан. Ол көк туымызды талай жарыстарда желбіреткен мықты спортшыларды баулыды. Ұзақ жылдар еліміздің еркін күрестен бас командасына жетекшілік етті. Біз Бауыржан Нұрсұлтанұлының еңбек жолын әрқашан жастарға үлгі етуіміз керек. Қадірлі спортшыны дәріптеу арқылы біз өскелең ұрпақты тәрбиелейміз. Мұндай турнирлер жастардың патриоттық сезімін оятады, спортқа жетелейді. Еркін күрес мінезді, қайсарлықты, батылдықты, ептілікті қалыптастыратын мықты спорт түрі. Бұл салада осал спортшы жоқ», - деді Азамат Бекет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -