Қала аумағында жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Бүгінгі таңда 9 мың жарық нүктесін орнату жұмыстарымен мердігер мекеме “Айком ЛТД” ЖШС айналысуда. Бүгін олар Балауса тұрғын алабында көше жарығын орнату бойынша атқарып жатқан жұмыстарын қала әкімі Азамат Бекетке баяндады. Бұрын-соңды жарықтандырылмаған көшелер басты назарда. Қала әкімі тұрғындар көптен күткен жобада жоспарланған жұмыс биыл аяқталуы керектігін айтты.
“Балауса тұрғын алабының 12 көшесі жарықтандырылды. Енді 7 көшесіне қоямыз. Қазір біз бұрын көше жарығы болмаған Жиренше көшесіне электр желісін тарттық. Ал жалпы қала бойынша біз осыған дейін 2300 жарық нүктесін орнаттық. 2015 шам мен тірек бағаналар біздің қоймада тұр. Қазір соларды орнатып жатырмыз. Жыл соңына дейін жоба бойынша жұмыстарды аяқтаймыз”, - деді “Айком ЛТД” ЖШС өкілі Зұлқарнай Жалғасбаев.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -