Қала әкімі Ернат Бәзіл Талдықорған гарнизоны әскери бөлімдері арасында өткен спартакиада жеңімпаздарын марапаттады
Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласының «Оқушылар сарайында» қала әкімі Ернат Бәзілдің қатысуымен Талдықорған гарнизоны әскери бөлімдері арасында өткен спартакиада жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.
Аталмыш шараның шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ақжарма тілегімен ашып, қастерлі Отанымызды күн-түн демей қалтықсыз тыныштығын күзетіп жүрген әскери қызметкерлерге алғысын білдіріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спартакиада жеңімпаздарына алғыс хатымен бағалы сый-сияпатын тарту етті.
«Бұндай спартакиада біздің әскери қызметкерлер үшін маңызды. Бүгінде Қарулы Күштер қатарында жүрген әсери қызметшілер және олардың қызметі үшін спорттың тигізер пайдасы көп. Өткен жарыс кезеңдері, тек спортты насихаттап қоймай, сонымен қатар, әскери гарнизондар арасында қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасуға үлкен себебін тигізді», - деді №18404 әскери бөлім командирі полковник Алмас Төлегенов.
Естеріңізге салсақ, аталмыш спартакиада мамыр айынан басталып, 13 спорттық шараны қамтып, оған 300-ге жуық әскери қызметкерлер қатысқан.
Салтанатты шара қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Айта кетейік, Талдықорған гарнизоны әскери бөлімдері арасындағы спартакиада келер жылы да жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -