Алаяқтыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі шаралар
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі - қаулы жобасы) әзірледі.
Қаулы жобасы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін алаяқтық тәуекелдерін басқару бөлігінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында әзірленді.
Банктер арасында алаяқтық тәуекелдерін басқарудың ортақ тәжірибесін белгілеу мақсатында антифрод-бөлімшесінің функциясы көзделіп отыр, ол алаяқтыққа қарсы іс-қимыл процестерінің жұмысын және үздіксіз жақсаруын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығына деректер беру үшін банктің антифрод-жүйесіндегі күдікті операцияларды қоса алғанда, алаяқтық операциялар бойынша дерекқорды жүргізуді қамтамасыз ететін болады.
Қаулы жобасында екінші деңгейдегі банктер үшін банктен онлайн-кредит алу кезінде клиенттің мобильдік құрылғысына бір реттік код жіберу және алаяқтық әрекеттерге арыз беру үшін мобильдік қосымшадағы функционалды қамтамасыз ету бойынша міндеттеме енгізу ұсынылады.
Қаулы жобасында сондай-ақ «дроппер» ұғымы енгізіледі және банктің дропперлерге қашықтан қызмет көрсетуін тоқтата тұру және қайта бастау тәртібі реттеледі.
Құжаттың толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 10 89
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -