Алматы қаласы бойынша МҚІА департаменті қызмет алушының бұзылған құқығын қалпына келтірді
МҚІА Алматы қаласы бойынша департаментіне қала тұрғыны анасына медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясымен белгіленген мүгедектіктің екінші тобымен келіспейтіндігі жөнінде өтінішімен жүгінді.
Өтінішке сәйкес, комиссия мүгедектікті анықтау кезінде анасының есту қабілеті нашар және өздігінен жүре алмайтынын ескермегендігі анықталды.
Өз кезегінде, Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті тарапынан іске асырылған шаралар нәтижесінде қызмет алушы мүгедектіктің екінші тобынан бірінші тобына ауыстырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -