Алматы қаласының Алмалы ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Манас көшесіндегі учаскелердің бірінде жол жүру уақытша жабылады
17 шілдеде сағат 09.00-ден 19 шілде күні сағат 09.00-ге дейін Алмалы ауданындағы көлік қозғалысы Манас көшесімен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін жабылады.
Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасы мен сайтта орналастырылған, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, «2GIS» пен «Яндекс карталар» сервистерінде бар.
Кешірім сұрай отырып, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
«Алматы жылу желілері» ЖШС
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -