⚡️ «Алматы Бас жоспары» ЖШС Бас директорының орынбасары сотталды
Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен «Алматы Бас жоспары» ЖШС Бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлы сотталды.Ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/GTal8Q5JQsX-6A_ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -